Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ тыл департаментінің бастығы тағайындалды

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ведомствоның басшы құрамына ІІМ тыл департаментінің жаңа бастығын таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Министрдің бұйрығымен бұл лауазымға полиция подполковнигі Алданов Мирам Зурашұлы Алданов тағайындалды.

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Мирам Алданов тыл департаменті бастығының міндетін атқарды.

Жаңа басшыны таныстыра отырып, министр қоғамдық қауіпсіздікті тиімді қамтамасыз етуде ішкі істер органдарын уақтылы әрі сапалы материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Ведомство басшысы Мирам Алдановтың мол тәжірибесі мен кәсібилігіне жоғары баға беріп, сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру