Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ жол қозғалысының қатысушыларын ЖҚЕ сақтауға шақырады

ІІМ жол қозғалысының қатысушыларын ЖҚЕ сақтауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалардың жол-көлік оқиғаларында жарақаттануын болдырмау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, ел жолдарындағы жағдай күрделі.

Жыл басынан бері орын алған жол  апаттарында ондаған баланың өмірі қиылды және 450-ге жуық кәмелетке толмаған бала түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Соңғы аптада балалардың өліміне әкеп соққан ЖКО ерекше алаңдаушылық тудырады.

9 наурызда Жамбыл облысында мас жүргізуші «Сарыкемер – Түймекент» автожолында жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан екі жасар бала қаза тапты, баланың анасы ауруханаға жатқызылды.

10 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында Сығанақ көшесіндегі үйдің ауласында жүк көлігінің жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті. 9 жасар қыз көз жұмды.

«Балаларды көшеде қараусыз қалдырмаңыздар және оларға көлік жүретін бөліктің жанында ойнауға рұқсат етпеңіздер. Бүлдіршіндерге жолдан жүгіріп өтуге болмайтынын үнемі түсіндіріп отырыңыздар», – деді ведомство қызметкерлері. 

Мереке күндері қарсаңында Әкімшілік полиция комитеті жол қозғалысының барлық қатысушыларын қауіпсіз қозғалыс жылдамдығы мен автомобильдер арасындағы қашықтықты қатаң сақтауға шақырады.

Ауа райы жағдайларының (көктайғақта, жаңбырлы ауа райында, тәуліктің қараңғы уақытында) қозғалыс режимдеріне әсерін, жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуін, сондай-ақ автомобильдің тежеу жолын ұлғайтатын және оның басқарылуына әсер ететін жол төсемінің ілінісу сапасының өзгеруін ескеру маңызды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру