ІІМ жүйесінде кезекті ашық кадрлық тағайындаулар өтті
ІІМ басшылығы орталық аппарат және облыстық полиция қызметтерінің басшылары лауазымдарына кандидаттарды қарады, - деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.
Министр Марат Ахметжанов пен оның орынбасарлары үміткерлердің қызметтегі жетістіктерін, кәсібилігі мен жеке қасиеттерін талқылады.
Ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша:
- ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының міндетін атқарушы лауазымына Қанат Нұрмағамбетов;
- ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары лауазымына Олег Цой;
- ІІМ Ішкі аудит департаменті бастығының орынбасары лауазымына Байболат Майтанов;
- Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары лауазымына Ермахан Абдраманов;
- Түркістан қаласы Полиция басқармасының бастығы қызметіне Бауыржан Жанаев тағайындалды.