Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық тұрғын желілік алаяқтарға тап болды

Ақмолалық тұрғын желілік алаяқтарға тап болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 шілдеде Целиноград ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижесінде, Талапкер ауылының 29 жастағы тұрғыны түскен желілік афера қатысушыларының бірі анықталып, ұсталды.

Ауыл тұрғынының өтініші 30 маусымда жергілікті полиция бөліміне түсті. Жас қыздың айтуынша, бір күн бұрын оған белгісіз ер адам телефонмен қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған және оның жеке шотындағы ақшаны “алаяқтар” шешіп алуы мүмкін деп хабарлаған. Жалған қызметкер ақмолалық тұрғынды ақшаны алаяқтардан қорғауға болатынына сендірді, алайда оған карта нөмірі мен cvv-коды қажет болған. Алаяқтық туралы еш күдігі болмаған және өз жинақтары үшін алаңдаған жас қыз қоңырау шалушыға банк картасының кодын айтып берген. Сол күні алаяқтар өтініш берушінің шотынан 1,1 млн теңге шешіп алған.

Өтініш келіп түскеннен кейін бірден полицейлер ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмысқа Аршалы ауданы Жібек-Жолы ауылының 23 жастағы тұрғынының қатысы барын анықтады. Жас жігіттің алаяқтық әрекеттердің жалпы схемасына қатысушылардың бірі екендігі белгілі болды: ол ұрланған ақшаны «шешіп алып», ал кейін оны алдын ала келісілген жерге жасырған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу рәсімдерін жүргізуді жалғастыруда. Қылмысқа қатысы бар басқа адамдар анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру