ІІМ: Жыл басынан бері мал ұрлығына қатысы бар 460-қа жуық күдікті ұсталды
Жыл басынан бері полиция мал ұрлығына қатысы бар 460-қа жуық адамды ұстады. Олардың ішінде 107 қылмыстық топтың мүшелері бар. Заңды иелеріне үш мыңнан астам мал қайтарылды.
Күдіктілер жайылымда жүрген малды ұрлап, оны шалғай елдімекенге айдап апарып, сонда сойған. Ал етті кейіннен сату мақсатында Ақтөбе облысына жеткізіп отырған. Күдіктілер қамауға алынды.
Ауыл тұрғындарына малды қараусыз қалдырмау, бақыланатын жайылым ұйымдастыру, GPS-трекерлерді пайдалану, сондай-ақ малды уақтылы таңбалау, чиптеу және есепке алу ұсынылады. Мұндай шаралар ұрлық тәуекелін азайтуға, ал қылмыс жасалған жағдайда ұрланған малды іздеп табуға мүмкіндік береді.
Полиция мал ұрлығының алдын алу және ашу, азаматтардың мүлкін қорғау, сондай-ақ кінәлілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тарту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырады.
