Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Интернет-алаяқ петропавлдық тұрғынның миллион теңгесін иемденді

Петропавл қаласының тұрғынынан интернет-алаяқтар миллионнан астам теңгені жымқырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл тұрғынының депозиттік шотынан миллион теңгеден астам ақшасы жоғалып кетті. 25 жастағы қалалық жарнамадан жиһаз сатып алмақ болған интернет-алаяқтың қулығына түсіп қалды. Бойжеткен сатып алатын тауары үшін ақша аударуы керек болған адамға картаның барлық деректемелерін және басқа жеке мәліметтерді, сондай-ақ SMS хабарламадағы кодты телефон арқылы жіберген. Жатын бөлмеге арналған жиһазды оның құрбысы «OLX» арқылы сатқан. Жарнамаға бір әйел «WhatsApp» арқылы хабарласып, төлемді аудару үшін картаның нөмірін сұрайды. Бірақ, сатушының картасы белгілі бір себептермен сәйкес келмейді. Мүмкін, алаяқтар пайда табуды жоспарлаған шотта қаражат болмағандықтан болған шығар. Қала тұрғыны оның карточкасы арқылы төлем жасауды сұрап, құрбысынан көмек сұрайды.

– Біраздан соң «сатып алушы» жәбірленушімен байланысқа шығып, картаның деректемелерін, тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН сұрайды және біраз уақыттан кейін оның телефонына нөмір жазылғанә СМС-хабарлама келетінін және де оған осы нөмірлерді айту қажеттігін айтқан. Кейін депозиттен 1 миллион 300 мың теңге көлеміндегі қаражат жоғалғаны анықталды, – дейді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Алаяқ «жеке тұлғаларға арналған интернет-банкинг» және «SMS-парольдерді жеткізу» қызметтерін пайдаланып, жәбірленушінің банктік шотынан басқа шоттарға ақша аударымын жүзеге асырған. Ақша жоғалғаннан кейін, қыз алданғанын түсініп, полицияға жүгінген.Биылғы жылдың басынан бері облыста 375 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді.

Полицейлер профилактикалық жұмыстарды, оның ішінде күдік туғызатын хабарландыруларға мониторинг жүргізіп тұрады. Жыл басынан белгілі Интернет-ресурстарда 100-ден аса хабарландыру бұғатталды.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру