Интернеттен электронды темекі сатып алмақ болған Көкшетау тұрғыны алаяқтарға тап болды
Интернеттен электронды темекі сатып алмақ болған Көкшетау тұрғыны алаяқтарға тап болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 сәуір күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына 26 жастағы тұрғын алаяқтық жолмен оның 11 600 теңге сомасында ақша қаражатын иемденген белгісіз адамға қатысты шаралар қабылдау туралы өтінішпен жүгінді.
Жас әйелдің айтуынша, 16 күні Instagram әлеуметтік желісінде ол электронды темекі сататын парақты көрген. «Сатушымен» байланысып, ақмолалық бикеш банк қосымшасының көмегімен WhatsApp мессенджерінде хабарланған карта нөміріне ақша аударған.
Алайда, ақша аударымын алғаннан кейін, шот иелері жәбірленушіні әлеуметтік желіде бұғаттап, байланысын тоқтатқан.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.