Ішімдік ішкен жерінде қалдырып кеткен: полиция ұрлық жасаған күдіктіні құрықтады
Астана полицейлері ұрлық қылмысының бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұрлыққа қатысы бар елорда тұрғыны анықталды.
Күндізгі уақытта күдікті, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан дүкеннен электр самокатының қуаттандыру құрылғысын ұрлап, 42 мың теңге материалдық шығын келтірген. Ұрланған қуаттандыру құрылғысын алкогольдік ішімдік ішкен жерінде қалдырған. Полиция қызметкерлері бейнекамералардың көмегімен ұрланған затты тапты.