Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрі Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің жаңа басшысымен кездесті

Ішкі істер министрі Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің жаңа басшысымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің жаңа басшысы Фолькер Фробартпен кездесті.

Ол кеңсе басшысын тағайындауымен құттықтап, «ІМ ЕҚЫҰ бастамасымен өткізілетін адам саудасына, киберқылмысқа, заңсыз көші-қонға, есірткі бизнесіне қарсы күреске, сондай-ақ адам құқықтарын сақтау және құқық қорғау жүйесін реформалау сияқты іс-шараларға белсенді қатысады» деп атап өтті.

Кездесу барысында Министр қазақстандық полицияны ауқымды реформалау және ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасын іске асырылу барысы туралы айтып берді.

Соның ішінде, халықпен кері байланыс орната отырып, полиция жұмысының сервистік моделіне көшу, «жұртқа жақын полиция» қағидатын қамтамасыз ету, қауіпсіздіктің қазіргі заманғы жүйелерін, азаматтардың қолжетімділігі мен сенім деңгейінің негізгі өлшемімен ішкі істер органдарының қызметін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу мәселелеріне кеңірек тоқталды.

Ерлан Тұрғымбаев ведомствоның осы бағытта ЕҚЫҰ офисінің командасымен бірлесіп атқарған ауқымды жұмыстарын атап өтіп, қылмысқа қарсы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және адам құқықтарын сақтау саласындағы реформалар мен бастамаларға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

– Менің ізашарым Дьердь Сабо Сізбен және ішкі істер министрлігімен арадағы ынтымақтастық туралы жылы лебізін білдірді және Қазақстан Республикасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде біздердің өзара байланысымыздың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен болатын, – деп атап өтті кездесу барысында Фолькер Фробарт.

ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы кездесу барысында өзара жемісті қарым-қатынастар мен тәжірибе алмасулар жалғасатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру