Ішкі істер министрі Павлодардағы Ұлттық ұлан әскер бөліміне іссапармен барды
Ішкі істер министрі Павлодардағы Ұлттық ұлан әскер бөліміне іссапармен барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен Ішкі істер министрінің орынбасары Ұлттық ұлан Бас қобасшысы Еркін Ботақанов Шығыс өңірлік қолбасшылығына қарасты 5512 әскери бөліміне қызметтік іссапармен барды.
Құқықтық тәртіп ведомствосының басшысын Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов, қалалық Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр Шығыс өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Рүстем Ақбалин және 5512 әскери бөлімінің командирі Аян Сатбаев қарсы алды.
Министр бастаған жұмыс тобы қаладағы түзеу мекемелерін күзететін 6679 әскери бөліміне ат басын бұрып, бөлімнің қызметтік инфрақұрылымын, оқу-жаттығу объектілерін, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуде қолданылатын заманауи қару-жарақтар мен техникаларды көрді.
Шығыс өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Рүстем Ақбалин министрге жеке құрамының жай-күйін, материалдық және техникалық тұрғыдағы жауынгерлік әзірліктерін баяндады. Министр мерзімді қызмет сарбаздарымен кездесіп, қал-жағдайларын білді. Ведомство басшысы кездесуде сарбаздардың өз қызметтерін абыроймен атқарып, аман-есен үйге оралуларына тілек білдірді.
Министр сапары барысында аймақтағы колониялардың бірінде болып, сотталғандарды ұстау жағдайымен танысты. Ұзақ кездесуге арналған бөлмелерді аралады. Түзеу мекемесіндегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген 6679 әскери бөлімінің сақшыларының қызметімен танысты.