Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында сотталғандар спорттық сайысқа түсті

Жамбыл облысында сотталғандар спорттық сайысқа түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты 158/4 мекемесінде жалпы 13 жасақ бар. Бүгін осы жасақ арасында спорттық іс-шаралар өтті.

Жазасын өтеушілер кір тасын көтеру, үстел теннисі, дойбы ойындары бойынша өзара сайысқа түсіп, ең мықтыны анықтады. Тартысты өткен жарыста сотталғандар бір-біріне дес бермеді. Десе де, жарыс бар жерде жеңіс те, жеңіліс те болатыны анық.

№9 жасақтың сотталғандары алдарына жан салмай, өздерінің мықтылығын дәлелдеп, бірінші орынға ие болды. Екінші және үшінші орынды №8 және №10 жасақтар өзара бөлісті.

Осы іс-шараға белсенді қатысып, жүлделі орын алған жеңімпаздарға мекеме бастығы Ерлан Тоқановтың қаулысымен алғыс жарияланды. Спорттық сайыс соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік, аталған мекемеде мұндай спорттық сайыстар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады. Мұндағы мақсат – салауатты өмір салтын қалыптастыру, жазасын өтеушілердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, белсенділігін көтеру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру