Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

 22 жастағы тараздық алғаш рет жеке куәлік алды

 22 жастағы тараздық алғаш рет жеке куәлік алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда 22 жастағы жігіт қалалық №1 пробация қызметі бөлімінің инспекторларының көмегімен алғаш рет жеке куәлікке қол жеткізді. Жеке куәлік алған жігіт енді жұмысқа орналаспақ ниетте.

– ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сот үкімімен кінәлі деп танылған 22 жастағы жігітке пробация қызметінің инспекторлары жеке куәлігін алуға жәрдемдесті. Ол отбасылық қиындықтарға байланысты осы уақытқа дейін жеке куәлік алмаған. Айта кетейік, мұндай жағдайда құжатты ресімдеу үшін азаматты 15 жылдан артық білетін адамдар куәлік етуі керек. Көші-қон қызметімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде, біз бұл істі ойдағыдай орындадық, – дейді Тараз қалалық №1 пробация бөлімінің бастығы Әділет Ерманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру