Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында заңсыз ауланған 500 келіден астам бекіре балығы тәркіленді

Атырау облысында заңсыз ауланған 500 келіден астам бекіре балығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

​Атырауда жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған бекіре тұқымдас балықтарды қорғау мақсатында “Бекіре-2022” жедел іс-шарасы өткізілуде. Тәртіп сақшылары іс-шара кезінде бір тонна​ балық тәркілесе, оның ішінде 500 келісі бекіре тұқымдас балықтары.

Іс-шара басталғалы 210-нан астам құқық бұзушылық анықталды. Барлығы 18​, яғни ҚР ҚК-нің 335-бабымен (Балық ресурстарын заңсыз аулаумен) – 2, ҚР ҚК-нің 339-бабы (Жануарлардың сирек кездесетін түрлерімен заңсыз айналысу)  бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды.

– ҚР IIM-нің бұйрығына сәйкес, осы жылдың 1 сәуірі мен 31 мамыры аралығында Жайық-Каспий бассейні аумағында бағытталған “Бекіре-2022” жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау, алдын алу және жолын кесу. Іс-шара барысында республикалық және облыстық тас жолдарында (Астрахань, Ақтөбе, Орал бағытындағы және облыстық Индер тас жолы) және қала аумағындағы автокөлік жолдарымен айналма далалық жолдарында және Каспий теңізі, Жайық, Қиғаш өзендері жағалауында 39 жылжымалы мобильдік топ қызмет атқаруда. Сонымен қатар, заңсыз балық аулаудың жолын кесу үшін Жайық өзені жағалауларында орналасқан қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының 19 бейнебақылау камерасымен бақылау жүргізілуде, – деді Атырау облысы ПД бастығы Нұрхат Оразбаев.

Айта кетейік, 28 сәуір күні атыраулық полицейлер 36 жастағы азаматшаның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде 15,8 келі бекіре тұқымдас балығы және бес келі қара балығы тәркіледі. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 339-бабының 1-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру