Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрлігі Халықаралық мұражай күнін атап өтті

Ішкі істер министрлігі Халықаралық мұражай күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын 18 мамырда бүкіл әлемдегі мұражай қызметкерлері Халықаралық мұражай күнін атап өтеді. Халықаралық мұражай күнін Ішкі істер министрлігі де атап өтті.

Ішкі істер органдарының 30 жылдығына және Балалар жылына орай ұйымдастырылған іс-шаралар шеңберінде ішкі істер органдарының қалыптасуында тарихи құндылығы бар жәдігерлер, материалдар ұсынылды.

1977 жылы Алматы қаласында ашылған ІІМ мұражайы тарихта өзінің лайықты бағасын алды. 1990 жылы ол посткеңестік кеңістіктегі ІІМ жүйесінің ең үздік мұражайларының бірі ретінде аталып, «КСРО мұражайлары» каталогтар кітабына енгізілді.

2000 жылдан бастап Қазақстандағы құқықтық тәртіп органдарының қалыптасуы мен даму тарихы мұражайы Нұр-Сұлтан қаласында орналастырылды. Ішкі істер органдары мұражайларының қызметі – халық арасында полиция қызметін насихаттауға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған.

Көрмеге келушілер ішкі істер органдарының тарихымен танысты және тіпті қызықты экспонаттарды жинауға мүмкіндік алды. Бұл іс-шараның қонақтары – жас келушілер болды. Олар өткен ғасырдағы Қазақстан полициясының қалыптасу бастауында тұрған әкелер мен аталар пайдаланған экспонаттарды, материалдарды көрді.

– Көшпелі көрме – кеңестік және қазақстандық полицияның бай мұрасын көрсетуге, ішкі істер органдарының қалыптасу тарихымен танысуға мүмкіндік береді. Бүгін біз көрмеде ең көрнекті және қызықты 150 экспонатты ұсындық және әрқайсысы қолмен ұстауға мүмкіндік алды. Келушілердің назарына криминалисттің чемоданы, ескі үлгідегі микроскоп, «Максим» пулеметі, бірінші бағдаршам, қылмыскерлерден алынған қару, өткен ғасырдың 40-жылдарындағы «Сақшы» «На страже» газетінің тігіндісі және тағы басқалары ұсынылды, – деді ҚР ІІМ музей меңгерушісі Алмагүл Сатмағанбетова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру