Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 900-ден астам жүргізуші балаларды тасымалдау ережесін бұзған 

ШҚО-да 900-ден астам жүргізуші балаларды тасымалдау ережесін бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Назар аударыңыз – балалар!” ЖАІШ аясында облыстың қалалары мен аудандарында полиция қызметкерлері “Сенің жолаушың – бала!”, “Құрметті жүргізуші!”, “Болашаққа қауіпсіз жолдар!” атты профилактикалық іс-шаралар жүргізді.

Мысалы, Курчатов қаласында мектеп оқушыларына “Бала – басты жолаушы” тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты  – заңға бағынатын жол қозғалысына қатысушыларды тәрбиелеу бойынша іс-шаралардың тиімділігін арттыру. Сабақ соңында мектеп оқушыларына жолда жүру ережелерін білу бойынша тапсырмалар, ата-аналарға балалардың жол қозғалысы жағдайын бағалауға дайындық деңгейін анықтауға арналған сауалнама ұсынылды.

Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша сабақтар өткізуге қатысты.

Семей қаласында мектептегі жас жол инспекторлар жасақтарының мүшелері жадынамалар, балалардың жол тақырыбындағы мазмұндамаларын тарату жолымен “Жүргізуші, сен де ата-анасың” акциясын өткізді, ал Өскемендік мектеп оқушылары “Абайлаңыз, жаяу жүргінші, қызыл өмір бермейді” акциясын өткізуде белсенділік танытты. Акцияның мақсаты – жаяу жүргіншілердің тыйым салынған бағдаршам белгісіне жолдың жүру бөлігін кесіп өту тәртібін бұзуының алдын алу, сондай-ақ жолдарда әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету.

ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов айтқандай, “Назар аударыңыз – балалар” жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері облыс аумағында 11 мыңнан аса ҚР ЖҚЕ бұзу фактісі тіркелген. 900-ден астам жүргізуші балаларды тасымалдау ережесін бұзған, оның ішінде 186-сы алдыңғы орындарда балаларды ұстау құралдарын қолданбаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру