Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстанда ҚАЖ қызметкерлері садақ атудан жарыс өткізді

Шығыс Қазақстанда ҚАЖ қызметкерлері садақ атудан жарыс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ОВ-156/20 мекеме қызметкерлері арасында “Бабаларымыздың ерлігі – ұрпақ үшін өнеге” атты садақ атудан сайыс өтті. Бұл сайыстың мақсаты – жас қызметкерлерге ата-баба ерлігін насихаттау.

– Өскелең ұрпақтың нағыз ел жанашары болуы үшін тарихымызды ұмыттырмауды, қастерлеуді негізі мақсат етеміз. Елі үшін ерлік еткен ата-бабаларымыздың ерліктерін үлгі етіп, жас қызметкерлерге үйрету – үлкен абырой, – деді мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Болат Майзаков.

Сайыс өте тартысты өтті. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру