Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тыйым салынған діни әдебиеттерді таратқан павлодарлық әйел жауапқа тартылды

Тыйым салынған діни әдебиеттерді таратқан павлодарлық әйел жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу кезінде пайдаланушылардың бірінің парақшасында діни мазмұндағы материалдары бар 39 аудиожазбаны анықтады.

-Тексеру іс-шаралары барысында 35 жастағы павлодарлық тыйым салынған контентті ашық қолжетімділікке орналастырған. Аталған факті бойынша дінтану сараптамасы жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен әйел ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодарлық жедел уәкілдер осы тектес бұзушылықтың 11-ден астамын анықтады. Полиция азаматтардан заңсыз діни қызмет бойынша қандай да бір ақпарат болса, 102, 8 (7182) 37-80-11 және 39-19-04 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру