Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау полицейлері қызылордалықтан синтетиканың 50 дозасын тәркіледі

Көкшетау полицейлері қызылордалықтан синтетиканың 50 дозасын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласында полицейлер синтетикалық есірткінің 50 дозасымен салушыны қолға түсірді. 14 мамырда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Қопа көлі маңында синтетикалық есірткі салған деген күдікпен Қызылорда қаласының 22 жастағы тумасын ұстады.

Жеке тінту кезінде жедел уәкілдер одан ішінде ақ түсті ұнтақ тәрізді консистенциясы бар 50 полиэтилен пакетті түйіншек тауып, тәркіледі. Синтетикалық есірткі салмағы шамамен 40 грамм болатын пировалеронаның аналогы.

Сондай-ақ, ұсталған адам есірткі заттарын салатын орындардың геолокациясын көрсетті. Фотоесептер жүргізген ұялы телефон тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігіне (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды, тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

Сондай-ақ, ұсталған азаматтың Қызылорда қаласының тұрғыны екені анықталды. Ақмола облысына бірнеше ай бұрын келген, алайда ресми түрде еш жерде жұмыс істемейді және оқымайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру