Ішкі істер органдары ардагерлерінің отбасыларына барды
Түркістан облысының полицейлері Ұлы Отан соғысы мен ішкі істер органдарының ардагерлерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы мен Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылық құрамы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтауда қызметінде көп жыл жұмыс істеген ішкі істер органдары ардагерлерінің отбасыларына барды.
Түркістан облысы ПД басшысының орынбасары Бағлан Халықов, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, ТО ПД кадр саясаты басқармасының басшысы Мақсат Асқаров, орынбасары Айжан Күленовалармен бірге ардагерлерді және қаза болған ардагерлердің жесірлерін марапаттады.
Мәселен, Арыс қаласындағы қаза болған ардагер Шәкір Егембердиевтің шаңырағына арнайы барып, жұбайы Озипа Егембердиеваны құттықтады.
Облыстың барлық аймағында жалғасын тапқан бұл шара барысында тыл ардагері Төленбек Юсуповтың, ҰОС ардагерінің жұбайы Күләйша Құрымбек, Аташов Ташходжа, Дүйсенбай Сәрсеновтерге де полицейлер атынан арнайы сыйлар табысталды. Оларға тәртіп сақшылары құттықтау сөздері мен жылы лебіздерін, жыр шумақтарын арнады. Мереке қарсаңында тосын сыйға кенелген ардагерлеріміз бен олардың жұбайлары тілектерін жеткізді.