Іздеуде болған павлодарлық Германияда ұсталды
Іздеуде болған павлодарлық Германияда ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполдың Ұлттық Орталық бюросымен бірлесіп Германия Республикасының Нюрнберг қаласында Павлодар облысының 19 жастағы тұрғынын анықтады. Жас жігіт 2021 жылдың қыркүйек айында Екібастұз қаласында тонау жасап, өз әрекеттері үшін жауап бергісі келмей, Германияға кетіп қалған.
– Тағы бір жағдайда – Павлодар қаласында Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының ІІБ іздестіріліп жатқан 58 жастағы қылмыскер ұсталды. Ер адам алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта іздестіру бастамашысына хабарланды,- деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Айта кету керек, қылмыскерлерді іздеу — криминалдық полиция қызметкерлері жұмысының маңызды бағыты. Осы жылдың өткен кезеңінде павлодарлық жедел уәкілдер 25 қылмыскерді іздестірді.