Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар саны ерекше пайызды құрады

Алматы облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыстар азайды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, Алматы облысында жыл басынан бері балалар мен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар саны екі есеге азайған. Төмендеу 40 пайызды құрады.

«Мұндай көрсеткіштерге біздер жасөспірімдердің ортасын жақсарту нәтижесінде қол жеткіздік. Басты назар, әрине, алдын алу шараларын өткізуге бағытталды, жеткіншектер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстары белсендірілді», – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Әшімов.

Талдықорған қаласының №25 мектебінің қабырғасында құқық қорғау органдары, ұстаздар мен ата-аналар, қоғам өкілдері қатысқан кездесу ұйымдастырылды. Бас қосудың тақырыбы: «Заңды білу – уақыт талабы».

«Біздің жұмысымыздың басты мақсаты – мұғалімдер мен ата-аналардың тәрбиесі және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Іс-шараға облыстық Білім басқармасының, Жергілікті полиция қызметі басқармасының, прокуратура, Денсаулық сақтау басқармасының, мектептердегі тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларын, мектеп психологтары, Жастар саясаты мәселелері басқармасының, Дін істері басқармасының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін шақырдық», – деп қорытындылады Бағдат Әшімов.

Кездесуде жасөспірімдер арасындағы ерте жыныстық қатынастар, балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлі тақырыптары талқыланып, қадағалаусыз және қараусыз өскен балалар туралы бейнефильм көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру