Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин талабын сақтамаған тұрғындар анықталды

Түркістан облысында мобильді топ өкілдері карантин талаптарының сақталуын қатаң қадағалауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қазаннан бері Келес АПБ қызметкерлері, аудан әкімдігі мен аудандық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерімен бірге ауданды аралап, рейдтік шараларды атқаруда. Олар Келес ауданы көлемінде карантин талаптарының орындалуын жаппай қадағалап, кешенді тексеру жұмыстарын жалғастырып келеді. Нәтижесінде карантин талабын сақтамаған бірнеше жергілікті тұрғындарды анықтады. Заң бұзғандарға айыппұлдар салып, карантин талаптарын қатаң түрде сақтау керектігін ескертті.

Сонымен қатар, мобильді топ өкілдері, Келес ауданы орталығының Абай ауылындағы тойханалар мен мейрамханаларды тексеріп, нысан иелерімен кездесіп, той-жиын өткізбеу және азаматтардың жиналуына жол бермеу керектігін түсіндіріп, карантин талаптары бұзылған жағдайда заңды шара көрілетіні туралы айтты.

Сондықтан әрбіріміз денсаулығымызға немқұрайлы қарамайық. Жақынымызға жанашыр болайық. Ел қамын ойлайтын азаматтарымыз, ұлттың амандығы үшін күндіз-түні тынбай еңбек етуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақыттада өз жалғасын таппақ. Сондықтан бетперделік режим мен арақашықтықты сақтаңыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру