Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бөтеннің ауласынан кірпіш ұрлап, пеш салмақ болған ер адам ұсталды

Полицейлер пеш салу үшін кірпіш ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс ауданы полиция бөлімінің кезекшілігіне жергілікті тұрғын үйінің ауласынан белгісіз адамдардың 300 кірпіш ұрлап кеткендігін айтып, арызданады. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 10 мың теңгеден асады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қылмысты ашу мақсатында оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері шығып, күдіктілерді іздеуге кірісті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Арыс АПБ-нің полицейлері бір тәулік ішінде күдіктіні тұрғылықты жері бойынша “ізін суытпай” ұстады. Ол өзінің үйіне пеш соғу үшін кірпіш ұрлағанын мойындады. 

Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қылмыстық қол сұғушылықты болдырмау үшін өз мүлкіне мұқият болу керектігін ескертеді. Мүмкіндігінше үй-жайға бейнебақылау камералары мен күзет дабылдарын орнату, сондай-ақ терезелерін темір тормен жабдықтау және есікке сенімді құлыптар қою қажет.

Егер сіз ұрлықтың, өзге де қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру