Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері есірткі сатушыны қылмыс үстінде ұстады

Түркістан облысының полицейлері есірткіні сақтап, өткізген күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД-нің полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы жайттерін анықтау, жолын кесу, оларды өткізу мен сақтауға қатысы бар күдіктілерді ұстау бойынша тұрақты түрдегі жұмыстарды жүргізуде.

Мысалы, Сарыағаш ауданындағы жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері есірткі сатушыны қылмыс үстінде ұстады. Күдіктіні тінту кезінде жедел уәкілдер Сарыағаш қаласының тұрғынынан марихуана салынған түйіншекті тауып алып, тәркіледі. Полиция тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Аталған жайт СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркелді. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Бәйдібек ауданында тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындардың бірінің есірткіні заңсыз сақтағанын анықтады. Яғни Бәйдібек АПБ-нің полицейлері рейдтік шараларды атқару барысында күдіктіні ұстады, оның ауласындағы сарайын тінту кезінде есірткі заты бар сіріңке қорапшасын тапты. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген өсімдік тектес есірткі затының жалпы салмағы 5,5 грамнан асатын “кептірілген марихуана” болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу барысы істің барлық мән-жайын, сондай-ақ күдікті үйде есірткіні қандай мақсатта сақтағанын анықтайды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарының ағзаға зиянды әсері туралы ескертеді. Сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру