Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қойшыдан заңсыз сақталған шолақ мылтық табылды

Полицейлер қойшыдан шолақ мылтықты тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Н.Сламбеков қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында жергілікті қойшының жайылымда заңсыз сақталған 16 калибрлі шолақ мылтығын тауып алды. Оқиға орнына келген аудандық полиция бөлімі жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдікті Өзбекстан азаматынан шолақ аңшы мылтығы мен оның оқ-дәрілерін тәркіледі. 

Егде жастағы ер адамның айтуынша, ол жұмыс берушіден жабайы жануарларды қорқыту үшін қаруды алған, содан кейін оны алып жүруге ыңғайлы болу үшін қысқартып, өзгертіп алған. Полиция тәркіленген заттай дәлелдемелерді сот-баллистикалық сараптамаға жіберді.

Аталған жайт СДТБТ-ға ҚР ҚК 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау мен алып жүргені үшін қылмыстық жауапкершіліктің қарастырылғанын еске салады. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына ерікті түрде тіркелмеген қаруды ішкі істер органдарына тапсыруға кеңес береді. Егер сізде қаруды заңсыз сақтау мен сату жайттары туралы ақпарат болса, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру