Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдаған шымкенттік рестобар анықталды

Карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдаған шымкенттік рестобар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара жүргізуде. 2021 жылдың 10 маусымында сағат 04:00-де Тәуке хан даңғылы №277 үйде орналасқан «Пандора» рестобары карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтады.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған рестобар әкімшісі болмауына байланысты, акт түзілді. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру