Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны OLX-те алаяққа ұрынып қалды

Шымкент тұрғыны OLX-те алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 8 маусымында Қаратау АПБ-ның “102” нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Онда ОLХ интернет желісі арқылы үй жиһаздарын сату туралы жарнамада көрсетілген телефон нөміріне хабарласып, үй жиһазын сатып алатын болып келіскен. Содан жиһаздарын автокөлікке артып жіберу үшін 20 мың теңге сұраған соң, оның есеп-шотына ұялы телефон қосымшасы арқылы ақша салып жіберген. Кейін автокөлікке артып болған соң, қосымша тағы 25 мың теңге сұраған, оны да салып жіберген. Сәлден кейін толық ақшаны салмасаң, жиһазды жібермеймін дегенде, оған қалған ақшаны жиһазды күтіп алған соң саламын деп айтқанында, ол ұялы телефонын бұғаттап қойған. Жалпы келтірілген шығын 45 мың теңгені құрап отыр.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ КПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру