Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері сиыр ұрлаған күдіктілерді ұстады

Түркістан полицейлері сиыр ұрлаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел хабарласып, қорасындағы құны 600 мың теңге болатын бір бас сиыры мен бір бас бұзауын белгісіз тұлғалар жымқырып кеткенін айтқан. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркеді. Күдіктілерді табу мақсатында тәжірибелі тәртіп сақшыларынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, шұғыл әрекетке кірісті. Полицейлер жақын аймақтарды аралап шықты.
Бірнеше күнге жалғасқан жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер ақпарат көздері арқылы күдіктілердің ізіне түсті. Жинақталған ақпарат көздеріне сәйкес, ұрлықты жасаған екі орта жастағы азамат болып шықты. Күдіктілердің бірі жергілікті тұрғын болса, екіншісі Сарыағаш ауданының тұрғыны екені анықталды.

Белгілі болғандай таныс жігіттер сиырларды түнгі уақытта жоспарлы түрде ұрлаған. Осылайша күдіктілер малды Сарыағаш қаласындағы базарға апарып сатып жіберген.

Бүгінгі таңда күдіктілер кінәларын толық мойындады. Сондай-ақ ұрланған малдар заңды егесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтар қамауда.
Өз кезегінде жәбірленуші егде жастағы азамат:

– Полицейлерге ризашылығымды білдіремін! Себебі, олар менің бір бас сиырым мен бұзауымды ұрлаған мал ұрыларын ұстады. Алғыс айтамын, жұмыстарына табыс тілеймін, – деп өзінің лебізін жеткізді.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға малдарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді. Сондай-ақ уақытылы ен-таңбаларын салдырып, қора-жайларыңызды мықтылап бекітіңіздер. Егер де сіздің малыңыз жоғалып немесе ұрланса тез арада полицияның “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру