Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәсіпкер колонияға ұялы телефонды өткізбек болған

Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №57 мекемеде ЖШС өкілі ұялы телефон кіргізуге тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекеме ішінде жұмыс істейтін «Ексимкомерцгруп» ЖШС жүргізушісі КамАЗ автокөлігімен колонияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысты.

Мекеме қызметкерлері габаритті тастармен тиелген автокөлікті тексеру кезінде жүргізуші орындығының артындағы қораптан скотчпен оралған қара пакет тауып, тәркіледі. Пакетті ашқан кезде Nokia ұялы телефон табылды.

– Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен бастапқы материалдар жиналды және одан әрі шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру