Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау тұрғынынан 3 келіден астам бекіре тұқымдас балық уылдырығы тәркіленді

Атырау тұрғынынан 3 келіден астам бекіре тұқымдас балық уылдырығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz

13 тамыз күні “Бекіре-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Атырау қаласының Полиция басқармасы №1 қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Қара өзек ауылында 34 жастағы қала тұрғынынан бекіре тұқымдас балықтарының 3 келіден астам уылдырығы тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Атырау қаласының №1 полиция бөлімімен ҚР ҚК-тің 339-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру