Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері тұрмысы нашар отбасыларды тексерді

Абай облысының полицейлері тұрмысы нашар отбасылардың пәтерлеріне рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15-18 тамыз аралығында Абай облысы бойынша “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Апта ішінде 27 отбасы тексерілді.

Оның барысында пәтерлердің бірін аралау кезінде кір, көгерген заттар, қабырғаларда жыртылған түсқағаздар, сынған жиһаз және бірнеше ай бойы жуылмаған төсек-орындар анықталды. Бұл үйде анасы мен кішкентай баласы бар әйел адам тұрады.

Полиция аталған отбасын 2016 жылдан бері біледі, 42 жастағы қала тұрғыны бүгінгі күнге дейін балалар үйінде тұратын 4 баласына қатысты ата-ана құқығынан айырылды. Бұл жолы да әйел масаң күйде болған. Соңғы уақыттарда қайтадан алкогольге тәуелді болып жүр.

Жедел алдын алу іс-шарасы кезеңінде ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке – 2 заңды өкіл тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру