Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келестік полицейлер есірткі тасымалдап жүрген ер адамды ұстады

Келестік полицейлер есірткі тасымалдап жүрген ер адамды ұстады. Оның бұрын сотты болғаны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Есірткі қылмысымен күресу мақсатында полиция қызметкерлері күнделікті жұмыстар атқарады.

Мәселен, Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022» профилактикалық шарасын жүргізу барысында жергілікті тұрғынның есірткі сақтап жүргенін анықтады. Полицейлер күдіктіні тінту кезінде оның қол сөмкесінен жасыл түсті полиэтилен пакетке салынған екі сіріңке қорабын тапты. Ішінде есірткіге ұқсас өсімдік жапырақтарын айғақты зат ретінде тәркілеп алды.

Алынған затқа сараптама тағайындап, нәтижесінде ол кептірілген марихуана есірткісі болып шықты.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алды. Полицейлер күдіктінің бұған дейін де сотты болғанын анықтады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру