Түркістан облысында үйінен кетіп қалған жасөспірім Шымкенттен табылды
Түркістан облысында үйінен кетіп қалған жасөспірім қыз Шымкенттен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, екі күн алдын түнгі уақытта 14 жастағы қызы үйінен ешкімге ескертпестен шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған. Жақындары өздіктерімен іздегенімен, еш нәтиже шықпаған.
Ақпарат алысымен полицейлер аталған жайтты тіркеп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Ордабасы аудандық полиция бөлімінің криминалистік полиция инспекторы Диас Асқар жасөспірім қыздың туыстарымен бірге іздеу жұмыстарын жүйелі жүргізді. Жасөспірімнің баруы, хабарласуы мүмкін дос-туыстарынан жауап алынды. Қоғамдық көліктер, такси жүргізушілерінен сұрастырылды.
Соның нәтижесінде 14 жастағы қыздың түнгі уақытта таксимен Шымкент қаласына кеткені белгілі болды. Яғни, полицейлер бірнеше сағат ішінде жоғалған қыздың жүрген жерін анықтады. Ол Шымкент қаласындағы автобекетте жалғыз өзі жүрген жерінен табылды.
Полиция қызметкерлерінің арқасында анықталғандай, жасөспірім қыз ата-анасынан қыдырып келуге рұқсат сұраған. Алайда ата-анасы қызын жібермеген. Сол себепті қыз үйінен кетіп қалған. Қазіргі таңда 14 жастағы қыз отбасымен қауышып, аман-есен үйіне жеткізілді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.