Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келісімсіз қыз алып қашу – қылмыс

Қарағанды қаласында 17 жастағы қызды алып қашқан үш ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 наурызда Қарағанды қаласының Полиция басқармасы оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қарағанды қаласының тұрғыны 17 жастағы сіңілісін белгісіз бір жігіттердің автомашинаға күштеп отырғызып, ұрлап алып қашқандарын айтып арызданған.


Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 25-27 жас аралығындағы үш ер азаматты ұстады. Бұл факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 125-бабы 2-бөлігі (адамды ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.


Бүгінгі күні аталған күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру