Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентауда 10 сотталған тұрақты жұмыспен қамтылды

Кентауда 10 сотталған тұрақты жұмыспен қамтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Кентау қалалық пробация қызметі мен қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен қалалық пробация қызметі бөлімінің есебiнде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотты болған азаматтарды жұмысқа орналастырды.

Түркістан облысы бойынша Кентау қалалық Пробация қызметі есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар саны он пайызға азайды. Атап айтар болсақ, Кентау қалалық пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа тұрғызу жұмыстарын жүйелі түрде атқарып келеді.

Мәселен, Кентау Пробация қызметі он сотталғанды тұрақты жұмысқа орналастырды. Атап өтер болсақ, бір сотталған азамат – «Кентау-Сервис» МКК-ға слеса болып,  «Жасыл қала» ЖШС-ға бір сотталған қарауыл, тағы бір сотталған жұмысшы болып жұмысқа орналасты. Бір сотталған жеке меншік мекемесіне слесарь маманына жұмысқа қабылданды. Бес сотталған азамат уақытша ақылы қоғамдық жұмысқа орналасты, бір сотталған азамат Жастар практикасы бойынша, бір сотталған Алғашқы жұмыс орны бойынша жұмысқа орналастырылды.

– Біз қазіргі таңда Кентау қалалық пробация қызметімен бірлесіп сотталған азаматтарды квота бойынша жұмысқа орналастырудамыз. Оның ішінде бес сотталған азамат уақытша ақылы қоғамдық жұмысқа орналасты, оларға мемлекет тарапынан айына 66 мың теңге көлемінде жалақы төленіп отырады. Ал Жастар практикасы мен Алғашқы жұмыс орнына екі азамат жұмысқа орналастырылды. Мемлекет тарапынан оларға айына 30 АЕК төленеді. Сондай-ақ, олар бір жыл Жұмыспен қамту орталығының жіберген мекемесінде жұмыс жасап, отбасына көмектесуге мүмкіндігі бар. Егер, жұмысшы сол мекеменің талабына сай болса, мекеме басшылығы тұрақты жұмысқа қабылдай алады, – деді Кентау қалалық Жұмыспен қамту орталығының маманы Ұлжалғас Белдіғараева.

Пробация қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында есепте тұрған сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау дерегі азайып, оң нәтиже көрсетір отыр.

– Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Лайықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы. Жаза басып, қоғамда қайта орнын тапқысы келген сотталған азаматтар үшiн бұл – үлкен мүмкіндік. Сол себепті пробация қызметiнiң қызметкерлері бұл шараға аудандағы кәсіпкерлер, жұмыс берушi мекеме басшылары болашақта да белсендi қатысады деген сенімде, – деді Кентау қалалық пробация қызметi бөлімінің бастығы Атабек Исаев.

– Әрине, өзімнің жасаған қателігім үшін қатты қысыламын. Өзім жіберген қателігімнен сабақ алдым. Алдағы уақытта жұмыс жасап ата-анама көмектескім келеді. Маған жұмыс тауып беріп, қоғамға бейімделуіме көмегін тигізген Кентау қалалық пробация қызметінің қызметкерлеріне және қалалық Жұмыспен қамту орталығына алғысымды айтамын, – деді сотталған Бағдат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру