Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ”: ШҚО-да 348 азаматқа қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды

ШҚО-да 348 азаматқа қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылықты хабардар ету мақсатында 13-21 маусым аралығында ШҚО аумағында “Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ” республикалық акциясы өткізілуде.

Іс-шараның жеті күнінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар облыс бойынша отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған іс-қимыл алгоритмі бар 9 500-ден астам парақшалар таратты, қалалар мен аудандардың көшелерінде 140-тан астам билбордтар мен плакаттар орналастырылды.

Сондай-ақ, тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдардың, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасылардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізіледі. Оларға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған және мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауына ерекше назар аударылады.

– Акция басталғаннан бері 348 азаматқа қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды, 65 құқық бұзушыға қатысты сот тәртібінде мінез-құлыққа ерекше талаптар қойылды. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 131 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру