Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жолда қабылдау” акциясында маңғыстаулық полицейлер 200-ге жуық тұрғынды қабылдады

“Жолда қабылдау” акциясында маңғыстаулық полицейлер 200-ге жуық тұрғынды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасарының нұсқауымен Маңғыстау облысының аумағында маусым айының 17-18 күндері “Жолда қабылдау” республикалық акциясы өткізілді. Шараның бірінші күні Мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілсе, екінші күн Көші-қон қызметі орталығында өтті.

Азаматтардың сұрақтарына Маңғыстау облысы Полиция департаментінің әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі және көші-қон қызметі белсенді түрде жауап берді.

Тұрғындар өтініш білдірген негізгі мәселелер – көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, қала жолдарындағы таңбаларды жаңарту және әкімшілік айыппұлдарды төлеу.

Азаматтарды қабылдау облыстың барлық аудандары мен қалаларында өткізілді. Тұрғындар “қауырт желі” арқылы, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Іс-шара барысында ведомство және оның бөліністерінің Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінің ресми парақшалары арқылы тікелей эфир жүргізілді. Акцияның әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлерін қосқанда ішкі істер органына қатысты барлығы 363 сұрақ келіп түсті. Барлық сұрақтар бойынша жауап беріліп, тұрғындардың мәселелері назарға алынып, шешу жолдары да айқындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру