Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері туралы еске салады

Полицейлер жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері туралы еске салады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалар жылы аясында ювеналдық полицияның қызметкерлері қаланың оныншы сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, жаз кезінде орын алуы мүмкін қалыптан тыс жағдайлар туралы ескертті. Кездесу Сабит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының базасында өтті.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының және қалалық басқарманың ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы жадынамаларды таратып, нақты мысалдарды келтіре отыра құқық бұзушылықтарға қатысты көзделген жауапкершілік туралы түсіндірді. Балалардың жол-көліктен жарақат алуын ескерту, нашақорлық, өзен-көлдерде қауіпсіздікті сақтау, өрт қауіпсіздігі, балалар жыныстық қол сұғушылығының алдын алу – кездесу барысында жоғары сынып оқушыларымен бірқатар маңызды сұрақтар талқыланды. Әмбебап ғылыми кітапхананың қызметкерлері де жеке жоспар бойынша оқушылармен жұмыс жүргізді: балалармен залдарда экскурсия өткізіліп, каворкинг-аймақтар көрсетілді. Заманауи кітапхана – тек кітап қоймасы ғана емес, оқу мен жұмыс, зерттеулер үшін таптырмас орын екені атап өтілді. Кездесуден кейін мектеп оқушыларының біразы оқырман абонементтерін ресімдеді.

Қазір мектеп демалысының қызған шағы. Полицейлер балаларды жолда, табиғатқа шыққанда, аса сақ болуға шақырады, түнгі қалада ересектердің еріп-жүруінсіз жүрмеуді сұрайды.

– Балалардың қауіпсіздігі көп жағдайда ата-аналарға байланысты, бұны ата-аналар ескерген жөн. Жазғы демалыстың алғашқы айы аяқталуда, осы орайда балалармен қоғамдық орындарда, өзен-көлдерде, жолдағы жүріс-тұрыстары туралы қосымша түсіндіру жұмысын жүргізу қажет, балаңыздың қоршаған ортасына назар аударып, кіммен дос болып жүргенін білгеніңіз дұрыс, – деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру