Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентауда екі жүргізуші жол үстінде жанжалдасып қалды

Кентауда екі жүргізуші жол үстінде жанжалдасып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ол өзінің басқаруындағы Toyota автокөлігімен жолда кетіп бара жатқанында белгісіз Ваз-2106 автокөлігінің жүргізушісі тоқтатқан. Содан жүргізуші ер азамат көліктен түсе сала, әйелмен сөзге келіп қалып, оның құны 150 мың теңге тұратын Samsung телефонын тартып алған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеді. Күдіктіні ұстау мақсатында тәртіп сақшылары қажетті жедел іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде тонау қылмысына қатысы бар күдікті ер адамды “ізі суымай” қолға түсірді. Ол бұрын сотты болған, жұмыссыз жергілікті тұрғын.

Анықталғандай, жолда бір бағытпен қозғалып бара жатқан Toyota көлігінің жүргізушісі және Ваз-2106 көлігінің жүргізушісі екеуі жолға таласып қалған. Бір-біріне жол бермеген жүргізушілер ақырында сөзге келіп қалып, соңында оқиға тонаумен аяқталған.

Бүгінде күдікті ер адам өз қылмысын толық мойындап, ұялы телефонды иесіне қайтарды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру