Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентаулық полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 86 адамды анықтады

Кентаулық полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 86 адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-нің заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл мен заңды белшесінен басып жүрген мигранттарды анықтау мақсатында 10 наурыздан бастап Түркістан облысында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Құрылыс қызған уақытта осындай жедел-профилактикалық шаралар өз нәтижесін береді. Өйткені кейбір нысан иелері жергілікті тұрғындарға қарағанда, жан-жақтан арзан қол жұмыс күшін тартып, заңсыз келушілер санының артуына ықпал етеді.

Сондықтан аталған шара аясында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мен елімізге заңсыз келу, іздеуде жүрген азаматтарды анықтау үшін күнделікті жеделдетілген жұмыстар ұйымдастырылуда.

Мәселен, Түркістан облысы Кентау ҚПБ-ның жеке құрамы шара барысында жалпы көші-қон заңнамасын бұзған 86 азаматты анықтады, оның 22-сі Өзбекстан Республикасының тұрғыны, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқық бұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру