Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз тұрғынынан травматикалық тапанша тәркіленді

Екібастұз тұрғынынан травматикалық тапанша тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында 1202 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны, алып жүргені үшін 10 адам ұсталды.

– Мысалы, 14 наурызда Екібастұз қаласында қала тұрғынының үйінен нөмірі өшірілген Оса үлгісіндегі травматикалық тапанша табылып, тәркіленді. Басқа жағдайда, 15 наурызда Ақсу ауданы ауылдарының бірінде ауыл тұрғынының үйінен тегіс ұңғылы, нөмірлік белгілері жоқ Mossberg 12 калибрлі бір ұңғылы аңшылық мылтық табылды. Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Құқық бұзушылықтардың негізгі үлесін көші-қон заңнамасын бұзу құрайды. Осылайша, 248 адам тіркеусіз немесе құжаттарсыз тұрады, 139 азамат алкогольдік ішімдіктерді ішкен немесе қоғамдық орындарда мас болған. Жаяу жүргіншілер де тәртіпті емес, олардың 136-сы жол ережесін бұзған. Ал 128 жүргізуші белгіленген жылдамдық режимінен асып түсті. Әрбір тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік іс жүргізу қозғалды.

Павлодар ауданының полиция қызметкерлері Павлодар-Успенка автожолында Audi-80 автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің 2021 жылы көлікті мас күйінде басқарғаны үшін автокөлікті басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Бұл жолы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Профилактикалық іс-шараны өткізу барысында Павлодар қаласының уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 310 адам қамауға алынды.

Василий Скляр “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасының негізгі мақсаты – қылмысқа қарсы күресті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру