Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентаулық тұрғын өзі жұмыс жасаған мейрамханадан 70 келі етті ұрлап кетті

Кентаулық тұрғын өзі жұмыс жасаған мейрамханадан 70 келі етті ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, өзіне тиесілі мейрамханасының асханасында тұрған 70 келі ет өнімін белгісіз біреу ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленуші ер адамға келген шығын көлемі – 150 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама бойынша тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына келіп жетті. Олар ұрлыққа қатысы бар күдіктіні анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты.

Нәтижесінде, күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны, бұрын сотты болған жас жігіт анықталды. Белгілі болғандай, күдікті ер адам сол мейрамханада жұмыс жасаған. Сезікті күзетшінің болмағандығын пайдаланып, сағат 04:00 шамасында ұрлыққа түскен. Ол ұрлаған етті танысының үйінде жасырған. Полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде етті тәркілеп алды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру