Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Созақтық полицейлер кіші футболдан турнир өткізді

Созақтық полицейлер Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай кіші футболдан турнир өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысы Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Даңқ стадионында Қазақстан полициясының 30 жыл толуына орай кіші футболдан ашық турнир өткізді. Жарысқа аудан жастары арасынан 13 команда қатысты. Турнирдің басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, спортқа қызығушылықтарын арттыру.

Турнир Қазақстан Респбликасының Әнұранымен бастау алды. Сайысқа қатысушылар өздерінің спортта жүйрік, алғыр екендігін көрсете білді. Өздерінің жылдамдықтарымен дараланып, жүлделі орындарға ие болған командаларға арнайы сыйлықтар берілді.

Жарыс нәтижесімен кіші футболда бірінші орынды “Аққолтық”, екінші орынды “Бауырлар”, үшінші орынды “Степной” командасы алып, керемет ойын үлгісін көрсетті. Сонымен қатар, турнирге қатысушылар арасынан “Үздік қақпашы”, “Үздік ойыншы”, “Үздік шабуылшы” номинациялары да анықталып, марапатталды.

Бұндай шаралар жастардың зиянды әрекеттерден аулақ болуына септігін тигізеді. Сондықтан полицейлер бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру