Павлодарлық өз үйінде заңсыз қару сақтаған
Павлодарлық өз үйінде заңсыз қару сақтаған, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД №44 мекеменің жедел бөлімі қызметкерлері Павлодар облысы бойынша ҰҚКП ДП қызметкерлерімен бірлесіп қаруды тауып алу операциясын өткізді.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қаланың жеке секторының үйлерінің бірінде атыс қаруы табылды. Операция кезінде 44 жастағы Павлодар тұрғыны ұсталды.
– Бұл факт бойынша ҚР ҚҚ-нің 287 бабының 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу тағайындалды. Баллистикалық зерттеуден өткізу үшін қаруды экспертизаға жіберді, — деп баяндады ҚАЖД жедел уәкілі Айбек Адришев.
Павлодарлықтың сөзі бойынша жерде жатқан дарбадан қару тауып алған. Осы баптың санкциясы бойынша кінәлі адамға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.