Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазған полицейлері телефон ұрлаған ер адамды ұстады

Жезқазған полицейлері телефон ұрлаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қараша күні сағат 17:46-да Жезқазған қаласы Полиция басқармасының байланыс орталығына сауда орталықтарының бірінен телефон ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Белгілі болғандай, сауда үйіне келген тұтынушының күртешесінің қалтасынан iPhone 11 телефоны ұрланған. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жезқазған қаласының бұрын сотталған 42 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған азамат ұрлық жасағанын мойындады.

Айғақты зат тәркіленді. Ұрлық бойынша келтірілген материалдық шығын 410 мың теңгені құраған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру