Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлерге ауыл тұрғындары алғыс білдірді

Қостанайлық полицейлерге ауыл тұрғындары алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қостанай облысында жыл басынан бері 100-ден астам азамат полицияға еркін жайылымнан малдың жоғалу фактісі бойынша өтініш білдірді. Іздеу шараларының нәтижесінде ірі қара малдар табылып, иелеріне қайтарылды.

Аталған мәселе бойынша тұрғындар тәртіп сақшыларына алғыс сөздерін жеткізді. Осындай жағдайлардың бірі Сарыкөл ауданында орын алды.

3 қарашада Комсомольское ауылының тұрғыны Вера Елисееваның ауласынан 5 сиыр шығып кетіп, оның төртеуін иелері өздері іздеп тауып, біреуі табылмады.

 

– Бірнеше күн бойы жұбайым екеуміз өз бетімізше іздестірдік, бірақ нәтиже болмады. Сосын полицияға жүгіндік. Өтінішімізге бірден учаскелік полиция инспекторы Ерлан Әбжанов, криминалдық полиция қызметкері Мұнар Шайкин жауап берді. Олар жануарды іздеп табуға көмектесті, – дейді Вера Михайловна.

Ол ішкі істер органдарының қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Қостанай облысы ПД криминалдық полициясының қызметкері Ерлан Шәріпов өңір аумағында “Мал ұрлығы” ЖААІШ өтіп жатқанын атап өтті.

Іс-шара барысында тиісті құжаттарсыз ет пен мал тасымалдаудың 110 фактісі анықталды. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін 300 ІҚМ иесі жауапқа тартылды.Полиция мал иелерімен оның сақталуын қамтамасыз ету үшін алдын алу жұмыстарын үнемі жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру