Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кезекті көкпар ойының ұйымдастырушысы анықталды

Түркістан облысында кезекті көкпар ойыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай ауданы аумағында санитарлық-эпидемияға қарсы карантин ережесінің талаптары сақталуын қамтамассыз ету мақсатында, Жетісай АПБ-нің қызметкерлерімен күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Осындай кезекті рейд жүргізу барысында, Жетісай ауданының жергілікті тұрғыны карантин режимі талаптарын сақтамай, 200-ге жуық адамдарды жинап, көкпар ұлттық ойынын өткізіп жатқаны анықталды.

Тәртіп сақшылары көкпар ойынына қатысушыларды дереу тоқтатып, олармен карантинді бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы шараны ұйымдастырушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Жетісай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық орталығына жолданды.

Осындай жайт Арыс ауданында да орын алған. Арыс АПБ-ның қызметкерлерімен аудан орталығының батыс беткейінде көкпар ұлттық ойыны өтіп жатқаны анықталды.

Аталған көкпарға 100 тұрғын қатысуға келген. Алайда, Арыс АПБ-ның полиция қызметкерлері ұлттық ойынға келген азаматтарға карантин режимін сақтау жөніндегі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үйлеріне тарқатты.

Өз кезегінде полицейлер Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарын бұзбауға шақырады. Базарларға, дүкендерге және адамдар көп жиналатын басқа жерлерге барған кезде, қоғамдық көліктерде медициналық бетперде киіп, антисептиктерді пайдалану және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру