Кірпіш ұрлаған күдікті қолға түсті
Қарағандылық полицейлер қаладағы мекемелердің бірінен отқа төзімді кірпіштер ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қараша күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Жаңа Майқұдық полиция бөліміне құрылыс жұмыстарымен айналысатын 61 жастағы жеке кәсіпкер хабарласып, түнде белгісіз біреудің оның мекемесінің ауласынан отқа төзімді кірпіштерді ұрлап әкеткендігі туралы арызданған.
Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құраған.
Полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 62 жастағы азаматты ұстады, ол қылмысын мойындады.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188- бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.