Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Nexia» автокөлігі мен полицияның қызметтік көлігі соқтығысты

Түркістан облысында болған жол апатында «Nexia» автокөлігі мен полицияның қызметтік көлігі соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында түнгі уақытта Кентау ҚПБ-нің кезекші бөліміне Кентау-Түркістан тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер анықтағандай, іргелес ауылдардың бірінен жергілікті тұрғын өзінің басқаруындағы «Nexia» маркалы автокөлігімен патрульдік полицияның қызметтік көлігіне соқтығысқан.

ЖКО нәтижесінде алты адам, яғни екі жүргізуші және екі көліктің төрт жолаушысы түрлі жарақат алды, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Бұл жайт қалалық полиция бөлімінде тіркелді. «Nexia» автокөлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасы жасағаны үшін өз кінәсін мойындады. Анықтаушылар оқиғаның толық мән-жайларын анықтауда. Автокөліктерге материалдық шығын келтірілді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жол жүру ережелерін сақтауды, әсіресе мас халде рульге отырмауды ЕСКЕРТЕДІ. Сондай-ақ, жолдардағы жылдамдықты асырмаңыз, маневр жасау ережелерін бұзбаңыз, қарсы бағытқа шықпаңыз, жол қозғалысы ережелерін естен шығармаңыз. Жүргізуші, сіздің өміріңіз ғана емес, сонымен қатар жолдардағы жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі де жол ережелерін сақтауға байланысты екенін ұмытпаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру