Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жасырын камералардың көмегімен 213 құқық бұзушылық анықталды

Павлодар облысының полицейлері құқық бұзушылықтарды жасырын камералардың көмегімен анықтауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кейбір көлік жүргізшілері жақын маңда камералар мен патрульдер болмаса, құқық бұзушылықтар жасауға жол беруге болады деп санайды. Сонымен қатар олар бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кету немесе қарсы жолаққа шығып кету арқылы өз өмірлерін ғана емес,  жол қозғалысының басқа  қатысушыларының да  өмірін қатерге тігетінін ойламайды.

Жол-көлік оқиғаларына жол бермеу  мақсатында учаскелік полиция қызметкерлері жолдағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында жол қауіпсіздігін жасырын қадағалайды.

Бұл мақсатқа байланыс құралдарымен, мобильді жазба құралдарымен және басқа да арнайы жабдықтармен жабдықталған, арнайы сәйкестендіру белгілері жоқ патрульдік машиналар қолданылады. Жасырын қадағалау жүргізу кезіндегі қызмет нысанды киім формасымен жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда аталған көліктердің көмегімен 213 құқық бұзушылық анықталып, барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру